09.10.26

KazGASA × Tsinghua SIGS: халықаралық жобалық жұмыс және бағдарламаның қорытындысы

KazGASA мен Tsinghua SIGS бірлескен академиялық бағдарламасы аясында екі университеттің магистранттары мен докторанттары аралас халықаралық командаларға бірігіп, Alatau City жобасы бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар дәрістерге қатысып, командалық жұмыс барысында жобалық шешімдер әзірледі. 30 қыркүйекте олар Iconic Building нысаны мен K-Park құрылыс алаңына барып, сондай-ақ WATG компаниясының рекреациялық аймақтың мастер-жоспарын әзірлеу жұмыстарымен танысты.

3 қазанда бағдарламаның қорытынды кезеңі өтті. Халықаралық командалар өздерінің жобалық жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, әзірленген шешімдерін ұсынды.

Іс-шара соңында қатысушыларға бағдарламаға және бірлескен бастамаға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Бағдарлама KazGASA мен Tsinghua SIGS арасындағы академиялық байланысты нығайтуға, халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуға және бірлескен білім беру мен жобалау бастамаларын ілгерілетуге мүмкіндік берді.

Читать еще
KazGASA-да Хансель Бауманның қонақ дәрісі өтті
KazGASA-да «Жобалық графика» пәнінен ашық сабақ өтті
KazGASA және Бейжің құрылыс және сәулет университеті қос дипломдық бағдарламаларды іске қосу туралы келісімдерге қол қойды
KazGASA Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі жанындағы Қытай ғылыми алмасу орталығы ұсынған Қазақстан жоғары оқу орындарының ресми тізіліміне енді