KazGASA-да «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2026» республикалық конкурсының жоғары оқу орны ішіндегі І кезеңі аяқталды.
Байқауға 10 оқытушы қатысып, олардың ішінен ең жоғары нәтиже көрсеткен 6 үміткер конкурстың ІІ кезеңіне жолдама алды.
Олар: Саят Ниетбай, Инна Ивановна Остапенко, Индира Беркинбаевна Ташмуханбетова, Гүлжан Абуталиповна Сейдуллаева, Әсел Әбдікерімқызы Алтаева және Динарр Абеуовна Адилова.
ІІ кезеңде аталған оқытушылар республикалық деңгейде KazGASA атынан қатысады.