18 қараша күні KazGASA-да «Эскизден сериялық өндіріске дейін: өнеркәсіптік дизайнның практикалық аспектілері» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті «Форма» және Formlab өнеркәсіптік дизайн бюроларының жетекшісі Андрей Востриков өткізді.
Кездесу барысында студенттер өнеркәсіптік өнімді әзірлеудің негізгі кезеңдерімен-алғашқы идеяны қалыптастыру мен эскиз жасаудан бастап, жобаны жетілдіру және сериялық өндіріске енгізуге дейінгі үдерістермен танысты.
Спикер өз тәжірибесіне сүйене отырып, өнеркәсіптік дизайндағы заманауи жобалау тәсілдері, өнімді әзірлеу кезіндегі техникалық және өндірістік талаптар, сондай-ақ шығармашылық идеяны нарықта сұранысқа ие нақты өнімге айналдырудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, кәсіби тәжірибесінен мысалдар келтіріп, саладағы практикалық мәселелерге тоқталды.
Қонақ дәрісі студенттерге өнеркәсіптік дизайн саласындағы теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби көкжиектерін кеңейтуге және болашақ мамандығының өндірістік қырларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.