17 қараша күні KazGASA-да интерьер стилисті, кәсіпкер және Bellacorso.forhome брендінің негізін қалаушы Евгения Максимовна Сидикованың қатысуымен қонақ дәрісі өтті.
Спикер — Тоқыма бизнесі қауымдастығының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Дизайн және сәулет қауымдастығының үйлестіру кеңесінің мүшесі, сондай-ақ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.
Кездесу барысында студенттер спикердің интерьер дизайны мен стилистика саласындағы кәсіби тәжірибесімен танысып, интерьерді безендірудің заманауи тәсілдерін, материалдарды таңдау ерекшеліктерін және шығармашылық идеяларды іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Евгения Сидикова студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кәсіпкерлік саласындағы тәжірибесімен және өз ісін жүргізудің қыр-сырымен бөлісті.
Қонақ дәрісі студенттер үшін кәсіби білімдерін тереңдетуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға және дизайн индустриясының тәжірибелі өкілімен пікір алмасуға мүмкіндік берді.