28.09.26

KazGASA UI GreenMetric тұрақты даму жөніндегі әлемдік рейтингке енді

KazGASA UI GreenMetric тұрақты даму жөніндегі әлемдік рейтингке енді

KazGASA алғаш рет UI GreenMetric World University Rankings рейтингіне қатысып, кампус пен білім беру ортасын тұрақты даму қағидаттарына сәйкес жетілдіріп отырған әлем университеттерінің қатарына енді.

UI GreenMetric университеттердің инфрақұрылымды дамыту, энергия тиімділігі, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды басқару, экологиялық көлік, білім беру және ғылыми зерттеулер салаларындағы қызметін бағалайды. 2026 жылғы рейтингке 110 елден 2016 университет қатысты.

Алғашқы қатысу қорытындысы бойынша KazGASA:

  • әлемдік рейтингте 1077-орынды;
  • Азия университеттері арасында 644-орынды;
  • Қазақстан жоғары оқу орындары арасында 16-орынды иеленді.

Академия негізгі экологиялық бағыттар бойынша жоғары нәтижелер көрсетті:

  • «Энергетика және климаттың өзгеруі» — Қазақстанда 8-орын және әлемнің үздік 500 университеті деңгейіндегі көрсеткіш;
  • «Су ресурстарын басқару» — Қазақстанда 6-орын және әлемнің үздік 700 университеті деңгейіндегі көрсеткіш;
  • «Қалдықтарды басқару» — Қазақстанда 7-орын және әлемнің үздік 700 университеті деңгейіндегі көрсеткіш.

Бұл нәтижелер KazGASA бейіні мен стратегиялық басымдықтарын айқындайды. Энергия тиімді жобалау, ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық жауапкершілік және «жасыл» технологияларды қолдану академияның білім беру бағдарламаларының маңызды бөлігі болып табылады және университет кампусын дамыту барысында жүйелі түрде енгізілуде.

UI GreenMetric рейтингіне қатысу халықаралық салыстыру, тәжірибе алмасу және экологиялық бастамаларды одан әрі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Студенттер үшін бұл тұрақты даму қағидаттары болашақ сәулетшілерді, құрылысшыларды, инженерлер мен дизайнерлерді даярлау үдерісіне енгізілген ортада білім алу мүмкіндігін білдіреді.

Рейтингке алғашқы қатысудан-ақ ену алдағы жүйелі жұмыстың бастамасына айналды. KazGASA халықаралық академиялық кеңістіктегі орнын нығайта отырып, «жасыл» кампусты дамытуды, цифрлық шешімдерді енгізуді және тұрақты даму саласындағы ғылыми зерттеулерді кеңейтуді жалғастырады.

Читать еще
Nagasaki University делегациясы KazGASA-ға сапармен келді
KazGASA UI GreenMetric тұрақты даму жөніндегі әлемдік рейтингке енді
KazGASA-ның 10 түлегі BUCEA (Бейжің, ҚХР) магистратурасында білім алу грантын ұтты
KazGASA-дағыCultural Night Қазақстан мен Малайзия мәдениеттерін тоғыстырды