03.11.26

Жаңа деңгейдегі халықаралық мойындау: KazGASA QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингіне алғаш рет еніп, Орталық Азияның ТОП-100 жоғары оқу орнының қатарына қосылды

KazGASA алғаш рет QS World University Rankings: Asia 2027- жоғары оқу орындарын бағалайтын ең беделді халықаралық рейтингтердің біріне енді. Осылайша, академия Азияның ауқымды академиялық кеңістігінде өз орнын айқындады.

Бағалау нәтижесі бойынша KazGASA Азия университеттері арасында 1501+ рейтингілік тобына еніп, Орталық Азияның ТОП-100 жоғары оқу орнының қатарынан көрінді.

QS Asia 2027 рейтингі өз тарихындағы ең ауқымды көрсеткішке қол жеткізді. Биыл рейтингке 1720-дан астам университет енгізіліп, 190-нан астам жоғары оқу орны алғаш рет қатысқан. Сонымен қатар 420-дан астам университет өз позицияларын жақсартты. Рейтингтің географиялық ауқымы Азияның 26-дан астам елі мен аумағын қамтыды.

Аймақтағы ірі білім беру жүйелерінің бәсекелестігі де артып келеді. Қытай, Үндістан және Корея Республикасы рейтингтің жаңа қатысушылары арасында белсенді ұсынылған. Осындай бәсекелестік жағдайында KazGASА-ның рейтингке алғаш рет енуі ерекше маңызға ие. Бұл академияның халықаралық академиялық кеңістіктегі әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

KazGASA-ның QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингіне алғаш рет енуі және Орталық Азияның ТОП-100 жоғары оқу орнының қатарына қосылуы-академия тарихындағы маңызды белес әрі стратегиялық дамуының жаңа кезеңі.

Бұл жетістік профессор-оқытушылар құрамының, зерттеушілердің, қызметкерлер мен студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Ол ғылыми қызметті дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім беру сапасын одан әрі арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

KazGASA халықаралық академиялық аренада өз орнын нықтай түсуде. QS Asia рейтингіне алғаш рет ену – жаңа даму кезеңінің, тың мүмкіндіктер мен биік мақсаттардың бастауы!

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды