12.11.26

KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді

KazGASA ғалымдарының «Қоғамдық кеңістіктерге арналған жайлы модульдерді әзірлеу» жобасы Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған гранттық жобалар конкурсының жеңімпазы атанды.

Жоба жетекшісі — Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры Зауре Туленовна Айтмагамбетова. Зерттеу тобының құрамына Дамелькан Какеновна Сыдыкова, Ерлан Ракымович Сутбеков және Абдулхалык Садыкхожаевич Набиев кірді.

Жоба «Жайлы қалалық орта» басым бағыты бойынша ұсынылды. Оның негізгі мақсаты — Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерін жетілдіруге, қалалық ортаның сапасын арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған климаттық ерекшеліктерге бейімделетін SMART BOX модульдерін әзірлеу.

Конкурс аясында зерттеу тобы үш кезеңнен тұратын офлайн қорғаудан және акселерациялық бағдарламадан сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Жобаны жүзеге асыру үшін 33,1 млн теңге көлемінде гранттық қаржыландыру қарастырылған.

Жобаның гранттық қолдауға ие болуы KazGASA ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін дамытудағы және қалалық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған тың шешімдерді ұсынудағы әлеуетін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерін заманауи талаптарға сай жаңартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды