05.11.26

KazGASA түлегі, халықаралық деңгейде танылған суретші Сәуле Сүлейменова академияда қонақ дәріс өткізді

KazGASA-да университет түлегі, халықаралық деңгейде танылған қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменованың қатысуымен қонақ дәріс өтті.

1996 жылы KazGASA-ны тәмамдаған Сәуле Сүлейменова – «Шабыт», «Жігер» және «Тәңір Ұмай» сыйлықтарының лауреаты. Ол Венеция және Бұхара биенналелері аясында ұйымдастырылған халықаралық өнер жобаларына қатысқан. Суретшінің туындылары Sharjah Art Foundation қорының коллекциясын қоса алғанда, халықаралық өнер жинақтарында сақтаулы.

Дәріс барысында Сәуле Сүлейменова студенттерге өзінің шығармашылық жолы мен кәсіби тәжірибесі туралы айтып, авторлық жобаларын таныстырды. Сондай-ақ өнер, сәулет және дизайн салаларындағы идеяларды тұжырымдамадан бастап нақты іске асыруға дейінгі үдеріс, шығармашылық ізденіс пен жобаларды жүзеге асыру тәсілдері жөнінде ой бөлісті.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасып, студенттер суретшіге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заманауи өнердің бағыттары, шығармашылық тәжірибе және кәсіби даму мәселелерін талқылады.

Мұндай кездесулер студенттерге танымал мамандардың тәжірибесімен танысуға, теориялық білімдерін кеңейтуге және шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

 

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды