28.11.25

KazGASA-ға И. Раззаков атындағы ҚМТУ делегациясы келді

28 қараша 2025 жылы KazGASAға И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында оқу басқармасының бастығы, техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент Калыбек Мукашевич Дыканалиев және Сәулет және дизайн институтының «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі Уланбек Жолдошбекович Искендеров болды.

Сапар аясында KazGASA базасында халықаралық академиялық және ғылыми әріптестікті дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Тараптар сәулет және инженерлік білім беру, ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қонақтарға кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылып, ғылыми-лабораториялық база, оқу аудиториялары және корпорация инфрақұрылымы таныстырылды. Делегация KazGASA материалдық-техникалық жабдықталуын жоғары бағалап, заманауи зертханалар мен оқу кеңістіктерін, сондай-ақ академиялық серіктестік үшін кең мүмкіндіктерді атап өтті.

И. Раззаков атындағы ҚМТУ өкілдері алдағы бірлескен ғылыми және білім беру бастамаларын дамытуға ерекше қызығушылық білдірді. KazGASA аймақтағы жетекші білім беру мекемелерімен серіктестікті нығайта отырып, халықаралық байланыстарды кеңейтуді жалғастыруда.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды