23.09.26

KazGASA-дағыCultural Night Қазақстан мен Малайзия мәдениеттерін тоғыстырды

KazGASA-дағыCultural Night Қазақстан мен Малайзия мәдениеттерін тоғыстырды

2026 жылғы 22 қыркүйекте KazGASA-да Қазақстан мен Малайзия арасындағы мәдени диалогті дамытуға арналған Cultural Night — KazGASA × IIUM мәдени кеші өтті.

Іс-шара International Islamic University Malaysia (IIUM) өкілдерінің сапары аясында ұйымдастырылып, екі университет арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықтың жалғасына айналды.

Қатысушыларға KazGASA Сәулет мектебінің деканы Манас Игенұлы Хасенов пен IIUM өкілі доктор Зенат құттықтау сөз сөйледі. Олар халықаралық ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың және екі елдің университеттік қауымдастықтары арасындағы достық байланысты нығайтудың маңызын атап өтті.

Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің бірі Қазақстан мен Малайзияның ұлттық киімдерін таныстыру болды. Қатысушылар екі халықтың мәдени ерекшелігін бейнелейтін дәстүрлі костюмдерді, ою-өрнектер мен сәндік элементтерді көрсетті. Қазақ этнокөрсетілімінде ұлттық нақыштар заманауи дизайнерлік шешімдермен үйлестірілді.

Кеш ұлттық тағамдармен таныстыру бағдарламасымен жалғасты. Қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылып, олардың тарихы, дайындалу ерекшеліктері және қонақжайлық мәдениетіндегі маңызы туралы айтылды.

KazGASA және IIUM студенттері өз елдерінің музыкалық және сахналық өнерін таныстыратын шығармашылық қойылымдар ұсынды. KazGASA студенттерінің домбырада қазақ күйін орындауы кешке ерекше әсер сыйлады.

Еркін қарым-қатынас барысында студенттер мен оқытушылар өзара пікір алмасып, бір-бірінің дәстүрлерімен жақынырақ танысты. Кеш соңында университет өкілдері достық пен алдағы ынтымақтастықтың белгісі ретінде естелік сыйлықтармен алмасты.

Cultural Night іс-шарасы өзара түсіністікті нығайтуға, мәдениетаралық диалогті кеңейтуге және KazGASA мен International Islamic University Malaysia арасындағы ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға ықпал етті.

Читать еще
Nagasaki University делегациясы KazGASA-ға сапармен келді
KazGASA UI GreenMetric тұрақты даму жөніндегі әлемдік рейтингке енді
KazGASA-ның 10 түлегі BUCEA (Бейжің, ҚХР) магистратурасында білім алу грантын ұтты
KazGASA-дағыCultural Night Қазақстан мен Малайзия мәдениеттерін тоғыстырды