05.11.26

KazGASA-да зияткерлік меншікті қорғау мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық семинар өтті

5 қарашада KazGASA-да «Зияткерлік меншікті патенттік қорғау: зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау нысандары мен тетіктері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар спикері – Қазақстанда және шетелде патенттеу, тауар белгілерін тіркеу және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласының маманы Жалғас Толыбаев.

Семинар барысында қатысушылар зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғаудың негізгі тәсілдерін, өнертабыстарды патенттеу, тауар белгілері мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу ерекшеліктерін, сондай-ақ авторлық әзірлемелерді ұлттық және халықаралық деңгейде қорғау мүмкіндіктерін қарастырды.

Сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу мен қорғаудың практикалық аспектілеріне, әзірлемелерді заңсыз пайдаланудың алдын алудың құқықтық тетіктеріне және зияткерлік меншіктің ғылыми, білім беру және кәсіби қызметтегі маңызына ерекше назар аударылды.

Семинар білім алмасу және зияткерлік әзірлемелерді құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды. Жиын барысында ұсынылған ақпарат өз жобаларын, ғылыми зерттеулері мен инновациялық шешімдерін әзірлеп жүрген оқытушылар, зерттеушілер және студенттер үшін практикалық маңызға ие.

Мұндай іс-шараларды өткізу зияткерлік меншікті қорғау мәдениетін қалыптастыруға және академиялық қауымдастықтың шығармашылық әрі ғылыми қызмет нәтижелерін құқықтық қорғау мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды