03.11.26

KazGASA-да синтетикалық есірткінің зияны мен құқықтық жауапкершілік туралы дәріс өтті

3 қараша күні KazGASА қабырғасында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында синтетикалық есірткілерді тұтынудың қауіптілігі мен оның салдарына арналған ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті.

Іс-шараның спикері- Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Асқарұлы Көбеев.

Дәріс барысында синтетикалық есірткілердің адам денсаулығына тигізетін зияны, олардың физикалық және психологиялық жағдайға кері әсері, сондай-ақ есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың әлеуметтік және құқықтық салдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қолданыстағы заңнама талаптары мен заңда көзделген жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке жауапкершілігін арттыруға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған. KazGASA үшін студенттердің қауіпсіз әрі саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету -тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды