02.11.26

2026 жылдың қараша айында KazGASA — да төрт бағыт бойынша Индустриялық комитеттердің отырыстары өтеді

2026 жылдың қараша айында KazGASA — да төрт бағыт бойынша Индустриялық комитеттердің отырыстары өтеді:

📅 3 қараша — құрылыс және жер-кадастрлық инжиниринг;
📅 11 қараша — дизайн;
📅 12 қараша — құрылыс;
📅 13 қараша — сәулет.

Отырыстарға Қазақстанның жетекші салалық ұйымдары мен компанияларының өкілдері, жұмыс берушілер, білім беру бағдарламаларының жетекшілері және университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысады.

Кездесулер барысында білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сай жетілдіру, BIM технологиялары мен жасанды интеллектіні енгізу, студенттердің практикалық даярлығын арттыру және индустриямен әріптестікті дамыту мәселелері талқыланады. Бұл — білім беру мазмұнын кәсіби саланың сұранысымен ұштастырып, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң.

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды