KazGASA Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаныш Сәтбаев» медалімен марапатталды.
Бұл мәртебелі марапат Шахислам Ұзақбайұлының отандық ғылымды дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметін ілгерілетуге және еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесінің жоғары бағалануы болып табылады. Ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталатын медальға ие болу — кәсіби жетістіктер мен ғылым саласындағы қажырлы еңбектің айқын дәлелі. Бұл жетістік KazGASA академиялық қауымдастығы үшін де зор мақтаныш.
KazGASA Шахислам Ұзақбайұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас шабыт және ғылыми қызметіне толағай табыс тілейді. Еліміздің ғылымы мен жоғары білімінің дамуына бағытталған еңбегі алдағы уақытта да жемісті болсын!