28.11.25

KazGASA-ға И. Раззаков атындағы ҚМТУ делегациясы келді

28 қараша 2025 жылы KazGASA—ға И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында оқу басқармасының бастығы, техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент Калыбек Мукашевич Дыканалиев және Сәулет және дизайн институтының «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі Уланбек Жолдошбекович Искендеров болды.

Сапар аясында KazGASA базасында халықаралық академиялық және ғылыми әріптестікті дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Тараптар сәулет және инженерлік білім беру, ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қонақтарға кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылып, ғылыми-лабораториялық база, оқу аудиториялары және корпорация инфрақұрылымы таныстырылды. Делегация KazGASA материалдық-техникалық жабдықталуын жоғары бағалап, заманауи зертханалар мен оқу кеңістіктерін, сондай-ақ академиялық серіктестік үшін кең мүмкіндіктерді атап өтті.

И. Раззаков атындағы ҚМТУ өкілдері алдағы бірлескен ғылыми және білім беру бастамаларын дамытуға ерекше қызығушылық білдірді. KazGASA аймақтағы жетекші білім беру мекемелерімен серіктестікті нығайта отырып, халықаралық байланыстарды кеңейтуді жалғастыруда.

Читать еще
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2026» конкурсының І кезеңінің қорытындысы жарияланды
KazGASA студенттер мен магистранттардың кәсіби даярлығын арттыру мүмкіндіктерін кеңейтуде
Career EXPO 2026: KazGASA студенттері мен 40 компания өкілдері бір алаңда бас қосты
Эскизден дайын өнімге дейін: KazGASA-да Өнеркәсіптік дизайнның қыр-сыры талқыланды