18.03.26

Ұшқышсыз авиациялық жүйелер саласындағы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2026 жылғы 17 наурызда KazGASA-да Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің Ұшқышсыз авиациялық жүйелер әскери мектебі және «Форпост Аэро Сервис» ЖШС қатысуымен үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға KazGASA ректоры Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің Ұшқышсыз авиациялық жүйелер әскери мектебінің бастығы, подполковник Дильдабаев Данияр Жаксылыкович, сондай-ақ «Форпост Аэро Сервис» ЖШС директоры Сулеймен Алдияр Алишерович қол қойды.

Меморандум ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) саласында мамандар даярлау және заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар бірлескен білім беру және практикалық-бағдарланған бастамаларды іске асыруды, оқу іс-шараларын өткізуді, кәсіби құзыреттерді дамыту мен ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану саласында тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Меморандумға қол қою білім беру, салалық және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ жоғары технологиялар мен инженерия саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы