Университетте қытай тілін жаңадан үйренушілерге және білімін жалғастырғысы келетіндерге арналған курстарға қабылдау басталды. Сабақтар жаңартылған HSK 3.0 бағдарламасы бойынша өткізіледі және дайындық деңгейі әртүрлі тыңдаушыларға арналған.
Курстар қытай тілін нөлден бастап үйренуге немесе оқуды жалғастыруға, сөйлеу дағдыларын дамытуға, сөздік қорды молайтуға және халықаралық HSK емтиханына дайындалуға мүмкіндік береді.
Сабақтарды қытай тілін HSK 5 және одан жоғары деңгейде меңгерген, кемінде бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылар жүргізеді.
Тыңдаушыларға оқытудың үш форматы ұсынылады:
- стандартты топ — 12 адамға дейін, аптасына екі рет 90 минуттан;
- шағын топ — алты адамға дейін, аптасына екі рет 90 минуттан;
- қарқынды топ — аптасына үш рет 90 минуттан.
Өзіңізге қолайлы форматты таңдап, қытай тілін үйренуді қазірден бастаңыз.
Кеңес алу және тіркелу үшін онлайн нысанды толтырыңыз.