25.09.25

SHARE Kazakhstan форумы Алматыда сәтті өтті

2025 жылдың 24-25 қыркүйегінде Алматыда халықаралық SHARE Kazakhstan сәулет форумы өтті, оған 18 елден 30-дан астам танымал сәулетшілер мен урбанисттер қатысты. Қатысушылар арасында Zaha Hadid Architects (Ұлыбритания), Paragram Stúdió (Венгрия), XTU Architects (Франция), MAD Architects (Қытай) және басқа да атақты сәулет бюроларының өкілдері болды. Маңызды оқиға ретінде қазақстандық сәулетшілер мен урбанистердің қатысуы атап өтілді, сондай-ақ аймақта сәулет және құрылыс білімін дамытып отырған KazGASA белсенді қатысты.

Форумда тұрақты қалалық құрылыс, сәулеттегі инновациялық шешімдер және қолжетімді әрі ыңғайлы қалалар салу мәселелері талқыланды. Қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту және қалалық ортаға заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форумды ұйымдастырушы халықаралық SHARE Architects платформасы болып табылады, ал форумның ұйымдастырылуы мен өткізілуінде KazGASA маңызды рөл атқарып, білім беру және ғылыми қолдау көрсетті. Сондай-ақ форумның ұйымдастыру комитетіне Қазақстандағы SHARE Architects елшісі, KazGASA UNESCO кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі және Алматы қаласы Қала құрылысы кеңесінің мүшесі Мехрибану Бекримжановна Глаудинова кірді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды