2025 жылғы 17 желтоқсанда KazGASA-ға «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС делегациясы директор Сұлтанбеков Жапсарбай Сұлтанбекұлының басшылығымен келді.
Сапар аясында делегация өкілдері KazGASA базасында жұмыс істейтін зертханалық инфрақұрылыммен танысып, оның ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға арналған әлеуеті мен техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Келіссөздер барысында тараптар бірлескен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ бейінді бағыттар бойынша болашақ мамандарды даярлау және дамыту мәселелерін талқылады. KazGASA ректоры Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы серіктестік байланыстарды кеңейту бастамасын көтеріп, бұл ұсыныс делегация өкілдерінің қолдауына ие болды.
Кездесу қорытындысы бойынша KazGASA мен «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС арасында ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.