19.09.25

SDU University делегациясының KazGASA-ға сапары

2025 жылғы 19 қыркүйекте KazGASA SDU University делегациясының сапары өтті. Делегация құрамында SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев, проректорлар Давронжон Гаипов, Нүркен Акимов, Жансерік Саттар, Сабденалиев Берік және Қалыбек Мақсат болды.

Қонақтарды ХБК ректоры Бахтияр Асылбайулы Сабденалиев қарсы алды. Сапар аясында делегацияға кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылып, университеттің инфрақұрылымымен және зертханалық кешенімен таныстырылды.

Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және университеттер арасындағы академиялық әріптестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

Читать еще
KazGASA студенттері GLOBAL STUDENT FORUM – 2026 халықаралық форумында 14 жүлделі орын иеленді
KazGASA-да «Ректор кубогы – 2026» Жайдарман сайысы өтті
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2026» конкурсының І кезеңінің қорытындысы жарияланды
KazGASA мен Афина ұлттық техникалық университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастық перспективаларын талқылады