23.10.26

Кездейсоқтық болмайды: KazGASA-да халықаралық сарапшы Джованни Оттонеллоның мәні бар дизайнның болашағына арналған дәрісі өтті

23 қазанда KazGASA-да дизайн саласындағы халықаралық сарапшы Джованни Оттонеллоның «Кездейсоқтық болмайды: ой-өрісті кеңейтіңіз, пәнаралық тұрғыдан ойлаңыз, мәні бар дизайн жасаңыз» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Кездесудің негізгі идеясы — дизайнға терең ойлаудың, түрлі салалардың өзара ықпалдастығының және қоршаған ортаға саналы көзқарастың нәтижесі ретінде жаңаша қарау.

Кездесудің ерекше құндылығы -Джованни Оттонеллоның Salvatore Ferragamo, Bottega Veneta, Hugo Boss және Lancia сынды әлемдік брендтермен көпжылдық ынтымақтастығы. Оның кәсіби тәжірибесі студенттерге сәулет пен өнерден бастап сән және өнеркәсіптік дизайнға дейінгі түрлі бағыттардың өзара байланысы тың идеяларды іздеуге және мағыналы жобалар жасауға жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсінуге жол көрсетті.

Кездесу студенттер үшін халықаралық кәсіби тәжірибемен танысу мүмкіндігімен ғана шектелмеді. Ол академиялық білім мен халықаралық кәсіби практиканы тоғыстырған маңызды алаңға айналып, дизайнға кеңірек көзқараспен қарауға, қалыптасқан тәсілдердің шеңберінен шығуға және түрлі білім салаларының тоғысында жаңа шешімдер іздеуге шабыттандырды.

Читать еще
KazGASA студенттері GLOBAL STUDENT FORUM – 2026 халықаралық форумында 14 жүлделі орын иеленді
KazGASA-да «Ректор кубогы – 2026» Жайдарман сайысы өтті
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2026» конкурсының І кезеңінің қорытындысы жарияланды
KazGASA мен Афина ұлттық техникалық университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастық перспективаларын талқылады