01.06.26

KazGASA «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыны көгалдандыру бойынша ESG-жобаны жүзеге асырды

KazGASA тұрақты даму және ESG қағидаттары акаедмияның білім беру, ғылыми және қоғамдық қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. ESG тәсілін іске асырудың жарқын мысалдарының бірі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтіп, KazGASA-ның 45 жылдығына арналған экологиялық акция болды.

2026 жылғы 1 маусымда KazGASA Инженерия мектебінің студенттері мен оқытушылары серіктестер — «Жасыл Алматы» КММ, ESG Alliance және Шоқан Уәлиханов атындағы мектеппен бірлесіп Алматы қаласының Сосновый бор аумағында ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Жобаның ерекше құндылығы оның ұзақ мерзімді және тәжірибеге бағытталған ESG тәсілінде. 2025 жылдың қараша айында Инженерия мектебінің студенттері экологиялық бастама аясында алғашқы ағаш көшеттерін отырғызып, бірнеше ай бойы олардың өсуі мен нығаюын бақылап, өздері күтіп-баптады. Бүгінде күшейген көшеттер KazGASA-ның 45 жылдығына арналған аллеяда өздерінің тұрақты орнын тапты.

Акция аясында соғды шағаны мен ұсақжапырақты қарағаш көшеттері отырғызылды. Жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) және БҰҰ Жаһандық келісімінің қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылып, экологиялық жауапкершілікті, білім беруді, әлеуметтік серіктестікті және жастарды тұрақты даму мәселелеріне тәжірибелік тұрғыдан тартуды біріктіреді.

Осындай бастамаларды жүзеге асыру KazGASA-ның ESG қағидаттарына, экологиялық мәдениетті дамытуға және болашақ мамандар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бейілділігін көрсетеді.

KazGASA студенттерге, оқытушыларға және серіктестерге экологиялық бастамаларды дамытуға және Алматының тұрақты әрі жасыл болашағын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды