16.07.26

KazGASA студенттері Қытайдағы «Future AI Masters» V Халықаралық жазғы лагеріне қатысуда

KazGASA студенттері Қытайдағы «Future AI Masters» V Халықаралық жазғы лагеріне қатысуда

2026 жылғы 5-18 шілде аралығында KazGASA студенттері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Northwestern Polytechnical University (Солтүстік-Батыс политехникалық университеті) базасында өтіп жатқан «Future AI Masters» V Халықаралық жазғы лагеріне қатысуда.

Жазғы лагерь университеттің Компьютерлік ғылымдар мектебінің ұйымдастыруымен өткізіліп, жасанды интеллекттің заманауи технологияларын зерделеуге арналған. 14 күн бойы қатысушылар жетекші халықаралық сарапшылардың дәрістерін тыңдап, практикалық сабақтарға қатысып, жобалық жұмыстармен айналысады, жоғары технологиялық кәсіпорындарға барып, Қытайдың мәдениеті мен тарихымен танысады.

ХБК делегациясының құрамында 21 студент бар, олардың 13-і KazGASA студенттері. Бағдарлама студенттерге халықаралық академиялық тәжірибе жинақтауға, түрлі елдерден келген қатысушылармен көпмәдениетті ортада жұмыс істеуге, ағылшын және қытай тілдерін жетілдіруге, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы озық технологиялармен танысуға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасы аясында қатысушылар Қытайдың жетекші инновациялық орталықтарының бірқатарына барды. Солардың бірі – Xi’an Software Park (西安软件园). Бұл ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу, үлкен деректер және бұлттық технологиялар салаларында жұмыс істейтін мыңдаған компанияларды біріктіретін Қытайдағы ең ірі технологиялық парктердің бірі. Парк бизнес, университеттер және ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен инновациялардың маңызды орталығы болып табылады.

Сондай-ақ студенттер Қытайдағы жасанды интеллект индустриясының көшбасшыларының бірі – iFLYTEK (科大讯飞) компаниясында болды. Компания сөйлеуді тану, машиналық аударма, табиғи тілді өңдеу және интеллектуалды білім беру шешімдері саласындағы әзірлемелерімен танымал. iFLYTEK технологиялары білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік сектор және цифрлық сервистерде кеңінен қолданылады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық командалар құрамында әзірленген өз жобаларын таныстырып, жазғы лагерьді аяқтағаны туралы халықаралық сертификаттарға ие болады.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы