06.02.26

KazGASA қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша Британдық Кеңестік воркшопқа қатысты

2026 жылғы 5-6 ақпанда Астана қаласында British Council ұйымдастырған «Қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбындағы воркшоп өтті. Іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық серіктестікті дамытуға бағытталды.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша воркшопқа қатысушылар қатарында KazGASA Академиялық мәселелер департаментінің директоры Кайдарова Назым Алмасовна болды. Іс-шараға кәсіби тәжірибесі ескерілген Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен шамамен 40 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.

Воркшоп аясында қатысушылар қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізудің негізгі тәсілдерін, академиялық ұтқырлық мәселелерін, оқу жоспарларын үйлестіру тетіктерін, сондай-ақ трансұлттық білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді қарастырды.

Кайдарова Назым Алмасовна KazGASA-ның практикалық кейсін ұсынып, академияның халықаралық білім беру бастамаларын іске асыру және дамыту тәжірибесімен, сондай-ақ шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту әлеуетімен бөлісті. Ұсынылған кейс қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, кәсіби тәжірибе алмасуға негіз болды.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды