06.03.26

KazGASA профессоры академик Н. Базанова атындағы марапатқа ие болды

KazGASA Дизайн мектебінің зерттеуші-профессоры Дина Әбілмәжінқызы Амандыкова академик Н. Базанова атындағы беделді марапатқа ие болды.

Бұл марапат ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, жоғары ғылыми әлеуетке ие және ғылыми қоғамдастықта кеңінен танылған жетекші әйел ғалымдарға беріледі. Лауреаттар қатарында кәсіби қызметінде айрықша жетістіктерге жеткен зерттеушілер марапатталады.

Аталған марапаттың табысталуы Дина Әбілмәжінқызының ғылыми қызметінің жоғары деңгейін, ғылыми зерттеулерді дамытуға және дизайн саласында мамандар даярлауға қосқан маңызды үлесін айқындайды.

KazGASA Дина Әбілмәжінқызы Амандыкованы және Дизайн мектебінің ұжымын лайықты марапатпен құттықтап, алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктер мен маңызды зерттеу жобаларын іске асыруға тілектестік білдіреді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы