24.11.25

KazGASA-да Экономикалық тергеулер департаментінің қонақ дәрісі өтті

2025 жылғы 24 қарашада KazGASA-да Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаменті, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Мұхамет Әли Мансұрович «Дипфейктер және жаңа қатерлер» тақырыбында өткізді.

Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп, студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, онлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық әрі киберқауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

Студенттер цифрлық контентті манипуляциялау технологиялары, дипфейктерді анықтау әдістері, азаматтар мен ұйымдарға төнетін ықтимал тәуекелдер, сондай-ақ цифрлық технологияларды заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік туралы өзекті ақпарат алды.

Дәріс жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға және цифрлық дәуірдің заманауи сын-қатерлері туралы хабардарлығын арттыруға маңызды алаң болды.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы