20.01.26

KazGASA-да Дизайн мектебінің жыл сайынғы студенттік көрмесі өтуде

19 қаңтарда KazGASA академияcsның құрылғанына 45 жыл толуына орай жыл сайынғы студенттік көрме «META-DESIGN — 2026» салтанатты түрде ашылды. Көрмеде Дизайн мектебінің студенттерінің шығармашылық және жобалық жұмыстары ұсынылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне KazGASA ректоры Сабденалиев Бахтияр Асылбайұлы қатысып, студенттерге шығармашылық табыс пен кәсіби өсу тілеп, академиялық білім мен заманауи дизайн тенденцияларының өзара байланысының маңыздылығын атап өтті.

Көрмеде 1-3 курс студенттерінің 84 жұмысы ұсынылды, олар Дизайн мектебінің 22 оқытушысының жетекшілігімен дайындалған. Экспозиция академиялық мектеп пен заманауи дизайн арасындағы диалогты көрсетіп, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуын және қазіргі креативті нарықтағы сын-қатерлерге дайын болуын бейнелейді.

«META-DESIGN — 2026» көрмесі студенттердің идеяларын бөлісуге, шабыт алуға және жетістіктерін көрсетуге арналған маңызды алаңға айналып, академиялық мектеп дәстүрін және буын сабақтастығын нығайтады.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды