08.04.26

Әзербайжан сәулет-құрылыс университетінің делегациясы KazGASA-ға келді

2026 жылғы 8 сәуірде KazGASA-ға Әзербайжан сәулет-құрылыс университетінің (AZMIU) делегациясы келді. Сапар танысу және ресми кездесу сипатында өтіп, екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Бұған дейін KazGASA пен AZMIU арасында студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейтуді және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуды көздейтін қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойылған болатын. Кездесу барысында тараптар алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, сәулет-құрылыс білімі саласындағы тәжірибелерімен алмасты және серіктестікті тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.

Ынтымақтастықты нығайту белгісі ретінде естелік сыйлықтармен алмасу рәсімі өтті. AZMIU ректоры Гюльчохра Маммедоваға KazGASA-ның 45 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.

Аталған сапар KazGASA халықаралық байланыстарын дамыту және шетелдік жетекші профильдік университеттермен ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы кезекті қадам болды.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды