13.11.26

KazGASA мен «GSLeader» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13 қараша күні KazGASA мен «GSLeader» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Дизайн мектебі студенттерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және білім беру ортасы мен өндіріс өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Тараптар болашақ дизайн мамандарының кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер жасау мақсатында бірлескен күш-жігер жұмылдыруға ниетті. Қол жеткізілген келісімдер аясында «Сәулеттік дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері арасында Show-case форматында шығармашылық конкурс өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастама студенттерге өздерінің шығармашылық тұжырымдамаларын, бірегей шешімдері мен жобалық жұмыс дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ авторлық әзірлемелерін таныстыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «GSLeader» ЖШС қолдауымен №501 аудиторияны брендтеу көзделген. Жаңартылған кеңістік студенттердің білім алуына және шығармашылық қызметіне арналған қосымша алаңға айналып, заманауи академиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Бірлескен бастамаларды жүзеге асыру білім беру үдерісіндегі практикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге, студенттердің кәсіби ойлау қабілетін дамытуға және теориялық білімді саланың нақты талаптарымен ұштастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

KazGASA мен «GSLeader» арасындағы серіктестік студенттік бастамаларды жүзеге асыруға және жас дизайнерлердің шығармашылық әлеуетін ашып, кәсіби дағдыларын дамытуға, болашақ еңбек қызметіне даярлануына қолайлы жағдай жасауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Читать еще
KazGASA мен «GSLeader» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді