12.11.26

KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті

11 қараша күні KazGASA-да дизайн мектебінің индустриялық комитетінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге дизайн және сәулет саласында тәжірибесі мол мамандар, жетекші салалық компаниялардың өкілдері, кәсіби дизайнерлер мен оқытушылар қатысты.

Отырыс барысында дизайн саласындағы заманауи үрдістер мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, оқу үдерісіне жаңа технологияларды, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу, студенттердің практикалық даярлығын күшейту және олардың кәсіби құзыреттерін дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар индустрия өкілдерімен бірлескен практикалық жобаларды жүзеге асыру, студенттерге арналған шеберлік сабақтарын, дәрістер мен кәсіби кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың нақты өндірістік міндеттермен жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, дизайн білімінің сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Индустрия өкілдерінің пікірлері мен ұсынымдары білім беру мазмұнын тәжірибемен ұштастыру, оқу бағдарламаларын саланың өзекті қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан маңызды болды.

Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің қызметі академиялық орта мен кәсіби индустрия арасындағы байланысты нығайтуға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды дамытуға және білім беру бағдарламаларының практикалық бағдарын күшейтуге бағытталған.

Осындай кездесулер KazGASA-ның білім беру үдерісін заманауи талаптарға сай дамытуға, студенттердің кәсіби әлеуетін арттыруға және болашақ мамандарды еңбек нарығының сұранысына сәйкес даярлауға ықпал етеді.

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды