10.11.26

KazGASA ректоры студенттік белсенділермен және Студенттік үкімет өкілдерімен кездесті

2026 жылғы 10 қарашада KazGASA ректоры Бахтияр Сабденалиев Академияның студенттік белсенділерімен және Студенттік үкімет өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ректор студенттердің Академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысуын, түрлі бастамаларды жүзеге асыруға қосқан үлесін, сондай-ақ «Студенттер қатарына қабылдау – 2026» салтанатты іс-шарасын ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын жоғары бағалады. Бахтияр Асылбайұлы студенттерге атқарған еңбектері, бастамашылдығы және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында студенттік өмірді одан әрі дамыту, жаңа жобаларды жүзеге асыру және студенттердің әлеуетін ашуға, студенттік қауымдастықтың бірлігін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында студенттік белсенділерге Академияның қоғамдық өміріне қосқан елеулі үлесі, маңызды университеттік іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқаны және студенттік бастамаларды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Мұндай кездесулер KazGASA басшылығы мен студенттер арасындағы өзара диалогты нығайтып, жастардың идеяларын жүзеге асыруына және университет өміріне белсенді араласуына қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды