11.11.26

KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды

11 қараша күні KazGASA-да Дизайн мектебінің 35 жылдық мерейтойына орай GSLeader компаниясы және Tikkurila брендімен бірлесіп ұйымдастырылған №501 мамандандырылған аудиторияның дизайн-жобасын әзірлеу байқауының ашылу салтанаты өтті.

 

Байқау студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара барысында қатысушыларға байқаудың негізгі мақсаттары, талаптары мен мүмкіндіктері таныстырылды.

 

Сонымен қатар «Tikkurila: бояу инновациялары және кәсіби ортаны дамыту» тақырыбында дәріс өтіп, онда заманауи әрлеу материалдары, инновациялық шешімдер және оларды дизайн саласында қолдану ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.

 

Байқау студенттерге өз идеяларын нақты жобалар арқылы жүзеге асыруға, шығармашылық көзқарастары мен кәсіби қабілеттерін көрсетуге, сондай-ақ Академияның оқу кеңістігін жаңартуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Мұндай бастамалар білім мен тәжірибені ұштастырып, студенттердің кәсіби тұрғыда қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар индустрия өкілдерімен бірлескен жобалар болашақ дизайнерлердің заманауи үрдістермен танысып, өз идеяларын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруына жол ашады.

Читать еще
KazGASA-да Дизайн мектебінің индустриялық комитетінің отырысы өтті
KazGASA-да «Оқитын ұлт» акциясы аясында кітап сөресі ашылды
KazGASA ғалымдары Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми грантын иеленді
KazGASA-да №501 аудиторияның үздік дизайн-жобасына байқау басталды