2026 жылғы 21 қазанда KazGASA-да ПД-24 тобының студенттеріне арналған «Жобалық графика» пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттер жобалық графиканың негізгі қағидаларын қарастырып, сәулет және дизайн саласындағы графикалық бейнелеудің маңызымен танысты. Ашық сабақ білім алушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағытталды.
Мұндай сабақтар студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді.