15.09.26

Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

2026 жылғы 15 қыркүйекте Сеул қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында KazGASA Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Hanbat National University, Konkuk University және Korean Webtoons Academy ұйымдарымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

Қол қойылған құжаттармен алмасу рәсімі «Орталық Азия — Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында өтті. Мемлекеттік сапар аясындағы іс-шараларда KazGASA ректоры, PhD Бахтияр Сабденалиев қатысты. 

Қол жеткізілген уағдаластықтар Hanbat National University университетімен инженерлік-техникалық және сәулет-құрылыс білімі саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Konkuk University университетімен әріптестік академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруға, кадрларды бірлесіп даярлауға және білім беру тәжірибесімен алмасуға бағытталады. Korean Webtoons Academy ұйымымен ынтымақтастық цифрлық өнерді, визуалды контент жасауды және креативті индустриялар үшін мамандар даярлауды қамтиды.

Жаңа әріптестік байланыстар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, кәсіби тағылымдамалар ұйымдастыруға және озық білім беру тәжірибелерін енгізуге жағдай жасайды. Ынтымақтастық KazGASA үшін бейінді сәулет, құрылыс, инженерлік білім беру және дизайн бағыттарымен қатар, цифрлық және креативті индустрия секілді қарқынды дамып келе жатқан салаларды да қамтыды. 

Мемлекеттік сапар аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағыты бойынша 40-тан астам ведомствоаралық, институтаралық және жоғары оқу орындары арасындағы құжатқа қол қойылды. Келісімдер ғылым, жоғары білім, жасанды интеллект, жоғары технологиялар және білікті кадрлар даярлау салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

Қазақстандық және кореялық білім беру ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту екі елдің стратегиялық әріптестігін нығайтуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін жаңа халықаралық мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды