08.09.26

Алғаш рет Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов атындағы Қор гранттарын табыстау рәсімі өтті

Алғаш рет Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов атындағы Қор гранттарын табыстау рәсімі өтті

2026 жылғы 8 қыркүйекте KazGASA-да Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов атындағы Қордың тегін білім алуға арналған сертификаттары мен гранттарын табыстау рәсімі алғаш рет өтті. Іс-шараға Қор өкілдері, университет басшылығы, Қамқоршылық кеңес мүшелері, грант иегерлері және олардың ата-аналары қатысты.

Рәсім барысында iQanat, Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) және KazGASA мектебінің түлектеріне білім гранттары табысталып, оларға университетте тегін білім алуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерге спорттық гранттар табысталды.

Рәсім Қор гранттарының KazGASA-да алғаш рет табысталуымен ерекшеленіп, дарынды жастарды қолдауға, жоғары білім алуға мүмкіндіктерді кеңейтуге және студенттердің академиялық әрі спорттық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Рәсімнен кейін KazGASA Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, онда университетті дамытудың өзекті мәселелері мен алдағы жұмыстың негізгі бағыттары қаралды.

Гранттарды табыстау рәсімі мен Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізу жастарды қолдауға, білім алу мүмкіндіктерін дамытуға және KazGASA мен серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды.

Читать еще
Nagasaki University делегациясы KazGASA-ға сапармен келді
KazGASA UI GreenMetric тұрақты даму жөніндегі әлемдік рейтингке енді
KazGASA-ның 10 түлегі BUCEA (Бейжің, ҚХР) магистратурасында білім алу грантын ұтты
KazGASA-дағыCultural Night Қазақстан мен Малайзия мәдениеттерін тоғыстырды