2026 жылғы 10-19 шілде аралығында KazGASA-ның бес студенті Бейжің құрылыс және сәулет университетінің (Beijing University of Civil Engineering and Architecture — BUCEA) базасында өтіп жатқан BUCEA International Summer School 2026 on Smart Cities халықаралық жазғы мектебіне қатысуда.
KazGASA бағдарламаға қатысып отырған Орталық Азия елдері арасындағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Университет үшін ерекше мәртебе — бағдарламаға қатысушы сегіз елдің өкілдері арасынан дәл KazGASA-ның бес студентіне Халықаралық жазғы мектептің салтанатты ашылу рәсімін ашу құрметі тапсырылды. Олар қатысушылар мен ұйымдастырушылар алдында университет пен Қазақстан Республикасын таныстырды.
Бұл маңызды халықаралық іс-шара Smart Cities («Ақылды қалалар») тақырыбына арналған. Бағдарлама аясында жетекші халықаралық сарапшылардың дәрістері, семинарлар мен академиялық іс-шаралар өткізіліп, қатысушылар Бейжің қаласының білім беру жүйесімен және заманауи қалалық ортасымен танысуда.
Студенттердің аталған бағдарламаға қатысуы халықаралық академиялық ұтқырлықтың дамуының, шетелдік университеттермен ынтымақтастықтың кеңеюінің және білім алушылардың тұрақты қалалық даму мен Smart City технологиялары саласындағы өзекті халықаралық күн тәртібіне белсенді қатысуының маңызды көрсеткіші болып табылады.