19.05.26

KazGASA-да этно-ауылға арналған ең үздік шағын сәулет нысаны байқауының қорытындысы шығарылды

2026 жылғы 19 мамырда KazGASA-ның қалалық зерттеулер зертханасында көшпенділер ауылы — этно-ауылға арналған ең үздік шағын сәулет нысаны байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау Сәулет мектебінің студенттері арасында ұйымдастырылып, қоршаған ортамен үйлесімді ықпалдасқан және көшпенді халықтардың мәдени мұрасын бейнелейтін шағын сәулет нысандарын әзірлеуге бағытталды.

Байқау аясында қатысушылар заманауи сәулеттік тәсілдерді, функционалдылықты және ұлттық бірегейлік элементтерін біріктіретін авторлық жобаларын ұсынды. Нысандардың табиғи ландшафтпен үйлесімді байланысына және жобаның этномәдени мазмұнын сақтауға ерекше назар аударылды.

Байқау жұмыстарын бағалау нәтижесінде демеуші тарапынан үш жүлделі орын анықталды. Жеңімпаздар қатарында ең мазмұнды әрі концептуалды жобаларды ұсынған Сәулет мектебінің 1, 2 және 4 курс студенттері атанды.

Іс-шара барысында қатысушыларды марапаттау рәсімі және серіктестер мен ұйымдастырушыларға арналған жобалардың презентациясы өтті. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен имидждік өнімдер табысталды.

Читать еще
KazGASA студенттері GLOBAL STUDENT FORUM – 2026 халықаралық форумында 14 жүлделі орын иеленді
KazGASA-да «Ректор кубогы – 2026» Жайдарман сайысы өтті
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2026» конкурсының І кезеңінің қорытындысы жарияланды
KazGASA мен Афина ұлттық техникалық университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастық перспективаларын талқылады