08.06.26

KazGASA Academic Development бағыты бойынша QS Stars рейтингінде 5 жұлдыз алған Қазақстандағы алғашқы ЖОО атанды

KazGASA QS Stars халықаралық рейтингінің Academic Development бағыты бойынша ең жоғары 5 жұлдызға ие болған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны атанды.

QS Stars — университеттердің білім беру сапасын, академиялық ортасын, инфрақұрылымын, халықаралық ынтымақтастығын және стратегиялық дамуын бағалайтын жетекші халықаралық рейтингтік жүйелердің бірі.

Academic Development бағыты бойынша 5 жұлдыз алу KazGASA академиялық ортасының жоғары деңгейде дамығанын, білім беру бағдарламаларының сапасын, заманауи білім беру технологияларының енгізілгенін және халықаралық жоғары білім стандарттарына сәйкестігін растайды.

Бұл жетістіктің ерекше маңыздылығы — KazGASA дәл осы санат бойынша ең жоғары бағалауға ие болған Қазақстандағы алғашқы университет болуы. Бұл университеттің академиялық мәдениетті дамыту, білім беру процесін жаңғырту және заманауи практикаға бағытталған білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысын көрсетеді.

Читать еще
KazGASA-да Хансель Бауманның қонақ дәрісі өтті
KazGASA-да «Жобалық графика» пәнінен ашық сабақ өтті
KazGASA және Бейжің құрылыс және сәулет университеті қос дипломдық бағдарламаларды іске қосу туралы келісімдерге қол қойды
KazGASA Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі жанындағы Қытай ғылыми алмасу орталығы ұсынған Қазақстан жоғары оқу орындарының ресми тізіліміне енді