2026 жылғы 21 қазанда KazGASA-да сәулетші, АҚШ-тағы Галлодет университетінің DeafSpace жобасының негізін қалаушылардың бірі Хансель Бауманның қонақ дәрісі өтті. Кездесу сәулет пен дизайн саласындағы заманауи үрдістерге, сондай-ақ адамның қажеттіліктерін ескеретін қолайлы әрі инклюзивті кеңістіктерді қалыптастыру мәселелеріне арналды.
«2040 жылғы қалалар: адамға бағдарланған сәулет және жобалау» тақырыбындағы дәріс барысында болашақ қалалардың сәулеттік келбеті, инклюзивті ортаны жобалаудың маңызы және кеңістікті әртүрлі адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу тәсілдері қарастырылды. Хансель Бауман өзі негізін қалауға қатысқан DeafSpace тұжырымдамасының ерекшеліктеріне тоқталып, оның қағидаттарын заманауи сәулеттік шешімдерде қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.
Дәріс студенттер мен оқытушыларға халықаралық сарапшының кәсіби көзқарасымен танысуға, сәулеттегі адамға бағдарланған тәсілдің маңызын тереңірек түсінуге және инклюзивті жобалау туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық әлеуетін дамытуға, халықаралық тәжірибені меңгеруге және болашақ сәулетшілер мен дизайнерлердің кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.