03.04.26

KazGASA серіктестері KazGASA-ның 45 жылдығына орай интерактивті панель сыйға тартты

KazGASA-ның 45 жылдығын мерекелеу аясында академия серіктесі «АкЖол» ЖШС Сәулет мектебіне заманауи интерактивті панель сыйға тартты.

Сәулет мектебі студенттерінің білім беру үдерісінде FabLab зертханасының маңызды рөлін, сондай-ақ макет станоктарында және арнайы жабдықтарда жұмыс істеу арқылы практикалық дағдыларды дамытудағы үлесін ескере отырып, панельді оқу және жобалық қызметте тиімді пайдалану мақсатында зертханаға беру туралы шешім қабылданды.

Жаңа жабдық білім беру және ақпараттық контентті көрсетуге арналған. Қазіргі уақытта панель бірінші қабаттағы FabLab зертханасының көрме аймағында орнатылып, белсенді түрде қолданылуда. Алдағы уақытта оны оқу процесінде және презентациялық іс-шараларда кеңінен пайдалану жоспарлануда.

Айта кету керек, панель Ғылым декадасының алғашқы күнінде-ақ қолданылып, онда FabLab жетістіктері мен жобалары көрсетілді.

KazGASA  «АкЖол» ЖШС-не білім беру инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Сәулет мектебіне FabLab зертханасын дамытудағы бастамасы үшін шынайы алғысын білдіреді.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды