16.03.26

KazGASA-да GAUDI PAINT компаниясының мастер-классы өтті

2026 жылғы 16 наурызда KazGASA-да Дизайн мектебінің студенттеріне арналған «Дизайндағы заманауи материалдар» пәні аясында мастер-класс өтті.

Спикер ретінде GAUDI PAINT компаниясының техник-оформитель маманы Зебольд Валерий Анатольевич сөз сөйледі. Мастер-класс барысында қатысушыларға заманауи лак-бояу шешімдері, сәндік сылақ түрлері, сондай-ақ әрлеу материалдарын дизайнерлік және архитектуралық жобаларда қолданудың жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.

Студенттер әрлеу жұмыстары саласындағы заманауи технологиялармен, материалдарды таңдау ерекшеліктерімен және оларды интерьерлік шешімдерде практикалық қолдану тәсілдерімен танысты. Әсіресе интерьерде әртүрлі фактуралар мен визуалды эффектілер жасауға мүмкіндік беретін сәндік жабындарға ерекше назар аударылды.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды