11.11.25

KazGASA-да профессор Дуглас К. Хартманның қонақ дәрісі өтті

10 қараша күні KazGASA Мичиган штаты университетінің (АҚШ) профессоры Дуглас К. Хартманның қонақ дәрісі өтті.

Дәріс тақырыбы — «How do we equip 100 million teachers worldwide to use GenAI ethically and effectively?» — генеративті жасанды интеллектіні (GenAI) білім беру процесінде қолданудың заманауи тәсілдеріне арналды.

Профессор Хартман жасанды интеллект технологияларының оқыту сапасын арттыруға қалай ықпал ете алатынын және оларды оқытуда этикалық әрі тиімді пайдалану үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ ол GenAI технологияларын білім беру бағдарламаларына енгізу және мұғалімдерді жаңа цифрлық құралдармен жұмыс істеуге дайындау бойынша практикалық ұсыныстарын айтты.

Бұған қоса, профессор Дуглас Хартман KazGASA-да жасанды интеллект зертханасын ашу мүмкіндігі туралы өз идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Қонақ дәріс қатысушыларға білім беру саласында технологиялардың рөлін жаңа қырынан түсінуге және инновациялық оқу ортасын қалыптастырудағы олардың әлеуетін бағалауға мүмкіндік берді.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды