17.10.25

KazGASA оқытушысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының беделді сыйлығының иегері атанды

KazGASA Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD Әсел Әбдікерімқызы Алтаева ғылым және техника саласындағы жоғары жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты атанғанын қуанышпен хабарлайды.

Бұл марапат Әсел Әбдікерімқызының жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ KazGASA-ның ғылыми және академиялық әлеуетін нығайтуға қосқан зор үлесі болып табылады. Осындай беделді сыйлықты иелену университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігін және еліміздің ғылыми қауымдастығын дамытуға қосқан үлесін айқын көрсетеді.

KazGASA Әсел Әбдікерімқызы Алтаеваны шын жүректен құттықтап, оған жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт және кәсіби қызметінде табыс тілейді.

Читать еще
KazGASA және Sangmyung University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
KazGASA және IIUM (Малайзия) студенттері мен оқытушылары Жаркент мешітінде зерттеу жүргізді
Қазақстан мен Корея сәулет-құрылыс білімі және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
HSK 3.0 бағдарламасы бойынша қытай тілі курстарына тіркелу ашылды