30 тамызда Қазақстан Республикасы ең басты мемлекеттік мерекелердің бірі — Конституция күнін атап өтеді. Биыл Тәуелсіз мемлекетіміздің берік негізіне айналып, билік қызметінің қағидаларын айқындап, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен құндылықтарын бекіткен Ата Заң қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
KazGASA баршаңызды осы айтулы күнмен құттықтайды. Конституция — Қазақстанның бірлігі мен тұрақтылығының, дамуының символы, халықтың демократиялық әрі әділетті қоғам құруға деген ұмтылысының бейнесі.
Осы маңызды күн қарсаңында KazGASA Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған көрме ашылды. Экспозицияда елдің конституциялық дамуы мен тарихының негізгі тақырыптарын қамтитын кітаптар мен материалдар ұсынылып, студенттер мен оқытушыларға негізгі заңның құқықтық және тарихи қырларымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді.