Академия туралы
Оқу-әдістемелік кеңес
Негізгі рөлі
Оқу-әдістемелік кеңес (ОӘК) мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік жұмыстарды және оқу-әдістемелік құжаттамаларды жетілдіру үшін құрылған. ОӘК қызметі ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР ҒЖБМ нормативтік құжаттары және KazGASA Жарғысы негізінде реттеледі.
Негізгі міндеттері
- Оқу процесін ұйымдастыруды және оның әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру.
- Факультеттердің оқу-әдістемелік кеңестерінің жұмысын үйлестіру, озық тәжірибені жинақтау және енгізу.
- Білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік стандарттарды жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Оқу құжаттарын әзірлеуге жұмыс берушілер мен сарапшыларды тарту.
- Оқу процесін оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етуді бақылау.
- Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және рецензиялау.
- Қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.


Қызметі
- Кеңес отырыстарын, семинарлар мен мәжілістерді өткізу.
- Оқулықтарды, оқу құралдарын және жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) рецензиялау.
- Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау.
- Оқу әдебиеттерін баспаға дайындаудың жылдық жоспарларын қалыптастыру.
- Оқу-әдістемелік кеңес қызметі бойынша есептер дайындау және оқытушылардың педагогикалық тәжірибесін талдау.
ӨӘКжұмысы ректор бекіткен жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады. Кеңестің өкілеттігі KazGASA ректорының бұйрығымен тоқтатылады немесе жаңартылады.