29.05.26

Қысқа мерзімде жаңа мамандықты меңгеру: reskilling және upskilling мүмкіндіктері

Еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер мен цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында жаңа дағдыларды жылдам меңгеруге және кәсіби құзыреттерді арттыруға мүмкіндік беретін reskilling және upskilling бағдарламалары ерекше маңызға ие болуда.

KazGASA қосымша білім беру мен кәсіби даярлаудың заманауи форматтарын белсенді түрде дамытып келеді. Университет студенттері үшін білімдерін кеңейтуге және қосымша цифрлық құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін халықаралық Coursera онлайн-курстары қолжетімді.

Мамандар мен индустрия өкілдері үшін Қосымша білім беру орталығы базасында сәулет, құрылыс, дизайн, инженерия және заманауи технологиялар бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, KazGASA базасында құрылыс, инженерия, мониторинг және цифрлық модельдеу салаларында сұранысқа ие дрондарды басқару бойынша тәжірибеге бағытталған курстар дамытылуда.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды