28.10.25

Профессорлар академиялық ұтқырлығы

KazGASA мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында KazGASA-дан Дизайн мектебінің ассистент-профессоры Нигметова Ардак Амантаевна қатысуда. Бұл бастама жоғары оқу орындары арасындағы академиялық өзара қарым-қатынасты дамытуға, тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Академиялық ұтқырлық оқытушылардың кәсіби өсуіне, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасуға мүмкіндік береді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы