KazGASA Сәулет мектебінің 4 курс студенті Сүлейменқұл Данель Эрикқызы 2026 жылғы 26-28 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен кекушинкай каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ол жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі 3-орынға ие болды.
KazGASA Данельді лайықты нәтижесімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейді.