26.03.26

KazGASA оқытушылары China International Furniture Fair 2026 көрмесіне қатысты

2026 жылғы 18-21 наурыз аралығында Азиядағы жиһаз және интерьер шешімдері саласындағы ең ірі халықаралық көрмелердің бірі — China International Furniture Fair 2026 өтті.

KazGASA оқытушылары — Сәулет мектебінің қауымдастырылған профессоры Аухадиева Л.М., Дизайн мектебінің ассистент-профессорлары Лобанова А.Н. және Сатанова А.Т. Қазақстанның кәсіби қауымдастығы делегациясы құрамында университет атынан қатысты.

Төрт күнге созылған көрме аясында қазақстандық дизайнерлер, оның ішінде KazGASA өкілдері, іскерлік және конференциялық бағдарламаға қатысып, Қазақстандағы дизайнның қазіргі үрдістері мен дамуына арналған баяндамалар жасады.

Мұндай халықаралық іс-шараларға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және университеттің жаһандық білім беру және кәсіби қауымдастыққа интеграциялануына ықпал етеді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы