22.01.26

KazGASA мен Gaudi Paint ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 22 қаңтарда KazGASA-ға Gaudi Paint лак-бояу зауытының бас директоры Курманалин Жаксылык Нуртасұлы ресми сапармен келді. Сапар аясында KazGASA ректоры Сабденалиев Бахтияр Асылбайұлымен жұмыс кездесуі өтіп, оның қорытындысы бойынша білім беру инфрақұрылымын дамытуға және студенттердің тәжірибеге бағытталған даярлығын күшейтуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім шеңберінде тараптар корпорацияның оқу кеңістіктерін жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға келісті. Атап айтқанда, заманауи әрлеу шешімдерін қолдана отырып, бір оқу аудиториясын безендіру, оны жаңа парталар мен орындықтармен жабдықтау, сондай-ақ қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған рекреациялық аймақтарды ұйымдастыру тұжырымдамаларын әзірлеу жоспарлануда.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыты студенттердің кәсіби даярлығы саласындағы өзара іс-қимыл болмақ. Тараптар Gaudi Paint зауытының технологтарының қатысуымен мастер-класстар өткізу туралы уағдаласты. Бұл сабақтар барысында білім алушылар заманауи лак-бояу материалдарымен, оларды қолдану технологияларымен және саланың өзекті трендтерімен таныса алады.

Сонымен қатар, Gaudi Paint компаниясы оқу үдерісіне арналған лак-бояу өнімдерін жеткізетін болады. Бұл студенттерге кәсіби материалдармен жұмыс істеу дағдыларын нақты өндірістік және жобалық жағдайларға барынша жақын ортада меңгеруге мүмкіндік береді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы